KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

Елде 5 мыңнан астам бала қант диабетіне шалдыққан

Фото: egemen.kz

14.11.2023, 20:23 186

Бүгін — қант диабетімен күрес күні. Халықаралық диабет федерациясының (IDF) деректері бойынша, әлемде қант диабеті диагнозы қойылған шамамен 537 миллион адам бар. 2045 жылға қарай олардың саны 783 миллионға дейін артады деп болжанып отыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сүйенсек, Қазақстанда 439 327 мың ересек және 5132 бала қант диабетімен ауырады, деп хабарлайды Altaynews.

Елде қант диабеті әлеуметтік мәні бар аурулардың санатына жатады. Яғни, диагноз қойылған пациенттер ТМККК және МӘМС жүйесінің шеңберінде толық көлемде тегін емделуге құқылы екенін білдіреді.

Науқастарда үнемі қатты шөлдеп жүру, жиі несеп шығару, организмде судың жетіспеуі, қатты аштық сезімі, шаршау, көру қабілетінің бұзылуы, бұлшықет әлсіздігі, терінің қышуы және тітіркенуі сынды белгілер болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив