KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

"Алтай" көтерме-тарату орталығының құрылысы қарқынды - Өскемен

25.11.2023, 23:23 214 Назерке Каримова

ШҚО-да ауыл шаруашылығы саласында өнімді көбейтіп импортты азайту мақсатында аймақта бірнеше жыл бұрын басталған жобалар өз нәтижесін бере бастады. 

Солардың бірі Өскемен қаласында салынып жатқан «Алтай» көтерме-тарату орталығы. Кешен қолданысқа берілген соң аймақтағы тауар өндірушілер өнімдерін экспортқа шығаруға да мүмкіндік молаяды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Көкөністің көп түрін сақтайтын бұл кешенде жалпы сыйымдылығы 18 мың тонна болатын 2 қойма бар. Биыл картоп, қызылша және сарымсақ жиналып жатыр. Заманауи үлгіде салынған орталықтың ерекшелігі кез келген тауарды қажетті темпратурада ұзақ уақыт сақтауға болады.

- Әзірше бізде қоймаларда құрылғыларды біртіндеп іске қосып, дайын болғанына өнімді қабылдап жатырмыз. Әрбір көкөністі сақтаудың өз нормасы бар. Мәселен мына қоймадағы сарымсақ 6 градус жылылықта және ылғалдығы 55-60 пайыздан кем болмау керек. Басқа көкөністер де жеке сақталады, - дейді «Алтай» ЖШС бас технологы Рашид Атауллин. 

Аумағы 50 мың шаршы метр болатын сақтау, сату және тарату кешенінің биыл алғашқы кезеңі аяқталды. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив