Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір қашан пайдалануға беріледі?

Фото: didar-gazeti.kz
Бүгінгі күні ШҚО-дағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру одан әрі жалғасып жатыр.
Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы бойынша 27,4 млрд теңге игерілген, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Жобаның жалпы құны – 61,4 млрд. теңге. 21 көпір тірегінің 11-і орнатылып, 7 көпір тірегінің жұмысы жалғасуда. Көпір аралықтарының 20 металл конструкциясының 14-і Ресейдің Курган қаласында дайындалып, учаскеге жеткізілген. Олардың алтауы орнатылған.
Ел күтіп жүрген көпір келер жылдың аяғында техникалық тұрғыда іске қосылып, 2025 жылдың алғашқы тоқсанында пайдалануға беріледі.
Жанаргүл Мұқатай