Тарбағатайда Ертіс арқылы қатынайтын кемелер порты салынады
Фото: qazaquni.kz
Қытаймен сауда-саттықты дамытуға көп көңіл бөлініп келеді. Осыған орай Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында Қытайдан Ертіс арқылы қатынайтын кемелер порты салынады.
Тарбағатайда кемелер порты салынып, темір жол тартылатыны туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Сонымен қатар Майқапшағай кеден бекетіне теміржол тартылмақ. Министрдің айтуынша, салынатын порт пен Қытай шекарасы арасын жалғайтын темір жол салынбақ. Тұғыл-Майқапшағай учаскесінде ұзындығы 99 шақырым темір жол салынады екен. Ондағы тасымалдың қосымша болжамды көлемі – 2-2,5 млн тонна.