KZ
Өскемен
-6°
небольшой снег жел 5 м/с, ОШ
503.35 590.63 6.62

ШҚО тұрғындары цифрлық мемлекеттік қызметтерді жиі пайдалана бастады

13.12.2023, 20:57 365 Анель Слямғазықызы

Биыл электронды форматта 900 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ШҚО филиалының директоры Азамат Есембулов мәлімдеді. Сондай-ақ шараға оның екі сала бойынша орынбасарлары – Айжан Ағибаева және Гүлфайра Нұржанова қатысты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.  

- Бүгінгі күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы тізілімде қолжетімді 1353 Мемлекеттік қызметтің 1267-сі көрсетіледі, оның 1214-і электрондық форматта қолжетімді. Ағымдағы жылы шығысқазақстандықтар электрондық форматта 900 мыңға жуық түрлі мемлекеттік қызметтерді алды. Өткен жылмен салыстырғанда осы әдісті пайдаланушылардың саны екі есеге артқан, - деді филиал директоры Азамат Есембулов .

Сондай-ақ Азамат Есембулов Мемлекеттік қызметтерді онлайн алудың маңыздылығын атап өтті. Мысалы, "Мобильді ХҚО" қосымшасының тиімділігі өте зор. Жыл басынан бері ол арқылы ШҚО бойынша 26 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу