KZ
Өскемен
-35°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
510.95 594.49 6.5

ШҚО-да биыл 23 мың тұрақты жұмыс орны құрылды

20.12.2023, 10:07 268 Оразай Жеңісұлы

Өскеменде ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың халықпен кездесуі басталды.

Өңір басшысы жыл соңындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге тоқталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

– Жыл қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімнің өсімі 3 пайызға тең болады деп болжанып отыр. Бұл – 4,4 трлн теңге. Өткен жылға қарағанда, өнеркәсіп өнімі 9 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімі 5 пайызға өседі. Негізгі капиталға инвестиция 7 пайыздық өсіммен 596 млрд теңге болды, – деді облыс әкімі.

Өңірде жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызға төмендеген. Биыл 30 мың жұмыс орны құрылды, оның 23 мыңы - тұрақты жұмыс орны.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу