Жыл қорытындысы бойынша ШҚО-ның жалпы өңірлік өнімі 4,4 трлн теңге болады
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевтың брифингі өтуде.
Өңір басшысы облыс жылды қандай әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштермен аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
- Облыстың жалпы өңірлік өнімі жыл қорытындысы бойынша 3% өсіммен 4,4 трлн теңгені құрайды деп күтілуде. Өнеркәсіп өндірісінің қарқыны 9%-ға, ауыл шаруашылығы 5%-ға, негізгі капиталға салынған инвестиция 7%-ға артады, – деді аймақ басшысы.
Бұл ретте облыста жұмыссыздық деңгейі 4,6% деңгейінде қалды, 30 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның 23 мыңы – тұрақты жұмыс орны.
Биыл облыс бюджеті 496,4 млрд теңгені құрады. Әкімнің айтуынша, бюджет шығыстарының жартысы әлеуметтік салаға, қомақты қаражат агроөнеркәсіптік кешенге және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.
Оқи отырыңыз