Өскеменде полицейлер мереке күндері қалай қызмет атқарып жатыр?
Полиция қызметкерлері тәулік бойы өңірдегі тәртіп пен қауіпсіздікті күзетеді, әсіресе жаңажылдық демалыстарда тұрғындардың мерекені қауіпсіз қарсы алуын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Altаynews.kz сайты.
Мәселен, Өскеменде қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмеді. 1 қаңтарда 216 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде: жол жүрісі қағидаларын бұзу бойынша - 182, ішімдік ішу және қоғамдық орындарда мас күйде жүру бойынша - 16 факті және тыныштықты бұзу бойынша - 5 факті тіркелген.
Тексеру кезінде екі мас жүргізуші анықталды, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Тәртіп сақшылары қызмет өткерудің күшейтілген режимінде жұмыс істеуді жалғастыруда және азаматтарға қоғамдық тәртіп пен жол жүрісі қағидаларын бұзуға жол бермеу керектігі туралы ескертеді.