KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 2,7 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да ашық аспан астындағы алғашқы классикалық музыка кеші өтті



30.08.2023, 18:49 428 0

Конституция күні Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарыатақты қазақстандық опера әртістерінің орындауында Моцарттың, Вердидің және Абайдыңшығармаларын тыңдап, құлақ құрышын қандыратын әуезді ән мен тәтті күйтамашалады.

Концерт ашық аспан астында өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Әлеуметтік желілер арқылы қаламызда түрлі мерекелік шаралар өтетінін көріп, осы классикалық музыка кешіне келдім. Өзім өнерсүйер қауым ретінде классикалық концерттерге жиі барып тұратындықтан бүгінгі кеш жоғары деңгейде өтіп жатыр деп айта аламын. Барлық қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтаймын, деді қала тұрғыны Нұрасыл Зекенов.

Бұл Өскемендегі алғашқы "Оpen-air" классикалық музыка концерті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, опера әншісі Медет Чотабаевтың, "Астана Опера" театрының жетекші солисі Галина Чеплакованың, Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің, сондай-ақ ШҚО әкімінің симфониялық оркестрінің қойылымдарыөнерді құрметтейтін қауым үшін тамаша сыйлық болды.

 Бүгінгі кеште қазақстандық және шетелдік композиторлардың шығармалары орындалады. Іс-шара қаланың әрбір тұрғыны және қонағы классикалық музыканы тамашалап, осы ұмытылмас көңіл-күйдің әсерін сезіне алуы үшін өткізілуде,  деді  «Ертіс концерт» КМҚК директоры Данияр Мерғалиев.

Айта кетейік, Мәдениет басқармасы әр апта сайын Самал саябағында және Комендант ауданында осындай классикалық концерттер өткізуді жоспарлап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив