ШҚО-да ақпанда да қалың қар жаууы мүмкін – мамандар
Фото: kartin.papik.pro
Бүгінде Шығыс Қазақстанның бірқатар ауданындағы қар жамылғысының мөлшері орташа көпжылдық көрсеткіштен жоғары.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Қазгидромет» мекемесі Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бойынша филиалының өкілдері осылай деді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Филиал директоры Ләззат Болатқанның келтірген деректері бойынша, әсіресе таулы аймақтардағы жағдай қиын екен.
Ал топырақтың қату тереңдігі 87 сантиметрге дейін жетуде. Бұл бірінші кезекте Самар мен Тарбағатай аудандарына қатысты. Қалған аудандарда тоңның тереңдігі өткен жылғы көрсеткіштерден төмен.
Мамандар алдағы ақпан айында облыстың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болғанымен, Катонқарағай мен Марқакөлде қар көп жауады деген болжам айтып отыр.