KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
518.57 566.59 6.05

ШҚО-да қаңтарда қатты аяз болмайды - Қазгидромет

30.12.2022, 11:24 482 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да бір ай ішінде 30 мм-ге дейін жауын-шашын түсті.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде , "Қазгидромет" РМК ШҚ филиалының метеоболжам бөлімінің бастығы Любовь Бухтоярова айтып берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыста 2022 жылғы 1-28 желтоқсан аралығында 8-ден 30 мм-ге дейін жауын-шашын түсіпті. Қар жамылғысының орташа биіктігі 8 – ден 71 см-ге дейін. Ең биік қар жамылғысы тіркелген өңірлер: Күршім ауданында -44-71 см, Алтай ауданында - 31-49 см, Глубокое ауданында – 31-58 см.

"2023 жылдың қаңтарында облыс бойынша ауаның орташа температурасы  13- 23 градус аралығында болады деп күтілуде", - дейді Любовь Бухтоярова.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу