Республикалық «Ақпан жұлдызы» турнирі басталды – Өскемен
Өскеменде мәнерлеп сырғанаудан жас спортшылар арасында республикалық турнир басталды.
Жарыс 5-9 ақпан аралығында Б. Александров атындағы спорт сарайында өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шығыс өңірінде дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан «Ақпан жұлдызы» турнирі бірінші рет республикалық деңгейде өтіп жатыр. Аталмыш турнирмен қатар мәнерлеп сырғанаудан ҚР кубогі де өтуде. Екі жарысқа 300-ден астам жас спортшы келген. Ал оларды бағалайтын төрешілер ресейлік мамандармен жасақталған.
Республикалық турнирге 17 жасқа дейінгі жас спортшылар қатысып отыр. «Ақпан жұлдызында» жарысқа шығатын ең кішкентай қатысушының жасы төртте екен.
Айта кетейік, аталмыш турнир 9 ақпанға дейін жалғасады. Жарысты көріп, жерлестерімізге қолдау көрсетем деген жанкүйерлерге есік ашық.
Ынтымақ Толқын
Фото: Валерий Шведов