KZ
Өскемен
+12°
дождь жел 5 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

Бір аптада 800-ден астам адам ЖРВИ жұқтырды - ШҚО

Фото: dodoctor.by

14.02.2024, 21:12 185 Айна Ескенқызы

Шығыс Қазақстан облысында 2024 жылдың басынан коронавирус инфекциясының сегіз жағдайы тіркелді.

Өңірде бір аптада жіті респираторлы вирусты инфекциясының 813 жағдайы белгілі болған. ЖРВИ жұқтырғандардың басым бөлігі 14 жасқа толмаған жеткіншектер - 6071 бала.  Сонымен қатар 14 жүкті әйел және жасқа толмаған 244 сәби бар. Былтырғы эпидмаусымда 380 бала ауырған. Бұл жайында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Қанат Тұрдиев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті эпидмаусымның басталуына орай ЖРВЖ-мен және тұмаумен сырқаттану жағдайына күн сайын мониторинг жүргізеді екен. 2023-2024 жылдардағы эпидмаусымының 5-ші аптасында облыс көлемінде жіті респираторлы вирусты жұқпаның 9832 жағдайы тіркелсе, 4-ші аптада 9019 жағдай анықталған болатын.

Вирусты жұқтырған 1107 науқас ауруханаға жатқызылды, олардың ішінде жүкті әйелдер саны - 161, ал 1 жасқа дейінгі балалар – 141.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы негізінде эпидемиялық маусым 2023 жылдың 28 қыркүйегінен басталды. 2023-2024 жылдардағы эпидмаусымның басынан есептегенде, 131 мыңнан астам науқас вирус жұқтырған. Балалар арасында ЖРВИ-дың 75 845 жағдайы тіркелді, бұл көрсеткіштер 2022-2023 жылдардағы  эпидмаусыммен салыстырғанда 45 496 жағдайға жоғары немесе 2,4 есеге өскенін көрсетеді. Өткен эпидмаусымда барлығы 58 мыңнан астам  жағдай тіркелген болатын.

- Эпидмаусымда тұмаудың 121 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, олардың ішінде А/H3N2, А/H1N1, тұмау вирусының В түрі анықталып отыр. 2024 жылдың басынан коронавирус инфекциясының 8 жағдайы тіркелді, былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда аурушандық 10 есеге төмендеді. Вирусы анықталмаған немесе коронавирус инфекциясымен (немесе пневмониямен) сырқаттану жағдайлары тіркелген жоқ, ал өткен жылы осындай жеті жағдай орын алғаны белгілі, - деді Қанат Тұрдиев.

Суық тию, тұмау және коронавирус инфекцияларынан қорғанудың ең тиімді тәсілі – вакцинация. Бұдан бөлек, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі қарапайым гигиеналық ережелерді орындау қажеттігін, қолды сабындап жууды, вирустық инфекциялардың эпидмауысымыкезінде антисептик қолдану қажеттігін ескертеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив