KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 5,3 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Жедел жәрдем қызметі аязда күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр - ШҚО

20.02.2024, 20:07 153 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да аязға байланысты жедел медициналық жәрдем қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Жедел жәрдем фельдшері Ұлан ауданының шалғай ауылында тұратын науқасқа дрезинамен жетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бүгін таңғы сағат жетілерде жедел жәрдем қызметіне Смолянка аулынан қоңырау түсті. Шалғайдағы елді мекенде 74 жастағы ер адамға шұғыл медициналық көмек қажет болған.

Жақын маңдағы бригада Асубұлақта екен. Олар бірден жолға шықты. Алайда жедел жәрдем көлігі тек Огневка ауылына дейін ғана жете алған. Ары қарай жолды қар басып қалыпты. Жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде науқасқа жетудің басқа амалын тапқан. Асубұлақ подстанциясының аға фельдшері Ғалия Ерғалиева әкімдік пен полицияның көмегіне жүгінді. Мұндай уақытта көліктердің ішінде тек дрезина ғана қолжетімді болған. Бұл Өскемен - Огневка – Серебрянск бағыты бойынша теміржол жолын тексеретін жеке вагон.

Осылайша, фельдшер Ердәулет Әділханов дрезина отырып, науқасқа көмек көрсетуге шықты. Ол тәртіп сақшыларымен бірге науқасты облыстық ауруханаға жеткізді.

Айта кетсек, ақпан айында жедел жәрдем қызметі обылс аумағында 700-ден астам шақырту алып, медициналық көмек көрсеткен.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив