KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 5,3 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Ана мен баланың денсаулығына ерекше көңіл бөлінген - ШҚО

Фото: dzen.ru

23.02.2024, 19:00 120 Айна Ескенқызы

Ана мен баланың, жүкті әйелдердің денсаулығы, бала табуға қабілетті жастағы қыз-келіншектердің жағдайына облыста ерекше көңіл бөлінеді.

Өңірдегі төрт ауданның перзентханалары босандырудың екінші деңгейіне көшкен. Ана мен бала орталығында мерзімінен ерте туған шараналарды оңалту орталығы жұмыс істейді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Мадина Мырзабекова айтып берді.

- 2022-2023 жылдары Күршім, Тарбағатай, Катонқарағай, Зайсан аудандарындағы босандыру бөлімдеріне толықтай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, палаталарында жас босанған ана мен нәрестелердің күтіміне қолайлы жағдайлар жасалды. Зайсан және Шемонаиха аудандық ауруханалары КТ аппараттарымен жабдықталды. 2023 жылы облыста жүкті әйелдерге кеңес беру орталығы ашылды. Нәтижесінде нәресте өлімі 30 пайыз төмендеді, - деді Мадина Мырзабекова.

Спикердің айтуынша, босану кезіндегі ана өлімі денсаулық сақтау басқармасында ерекше бақылауда тұр. Өткен жылы өңірде үш жас босанған ана қайтыс болса, 2022 жылы бір жағдай тіркелген болатын. Биылғы он бір айдың қорытындысы  бойынша  облыс республикада осы көрсеткіш бойынша жетінші орында тұр.

- Көптеген әйелдер жүктілік кезінде тексерулерден, скирингтерден өтпейді. Дәрігерлердің бала көтеруге болмайды деген қорытындысына қарамастан, өз өмірлеріне қауіп төндіре отырып жүкті болатындар кездеседі. Ондай аналармен кеңестер жүргізіліп, консилиумдер өткізіледі. Алайда жүктілікті дер кезінде үзбегендіктен, өкінішке орай, қайғылы аяқталады. Сол себепті облыста бала көтеруге қабілетті жастағы әйелдермен жұмыс, жүкті әйелдердің денсаулығын бақылау күшейтілген, - деп қосты Мадина Мырзабекқызы.

Алдағы уақытта  жергілікті бюджеттің есебінен  экстра класты үш ультра дыбыстық зерттеу аппаратын, МРТ, төрт КТ аппаратын сатып алу жоспарланған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив