KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 3,9 м/с, СБ
481.84 531.33 5.07

Биыл аудандардағы перзентханалар жас мамандармен қамтылады - ШҚО

Фото: tinfo.kz

23.02.2024, 15:39 148 Айна Ескенқызы

Өңірді акушерлік-гинекология саласындағы жас мамандармен қамту - күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі.

Биыл сегіз резидент жұмысқа қабылданып, аудандардағы перзентханаларда жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Осы бағыттағы мамандарды даярлау өткен жылдары облыс әкімінің және Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерімен талқыланған болатын. Биыл сегіз резидент жұмысқа орналасады. Оларды жергілікті әкімдіктердің қолдауымен үш жыл бойы оқытып, даярладық. 2024 жылы оқуларын тәмамдағаннан кейін жас мамандар ана мен бала орталығына, аудандарға жолданады, - деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Мадина Мырзабекова.

Естеріңізге сала кетейік, 2022-2023 жылдары Күршім, Тарбағатай, Катонқарағай аудандарындағы босандыру бөлімдеріне толықтай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, палаталарында жас босанған ана мен нәрестелердің күтіміне қолайлы жағдайлар жасалды. Енді жас мамандармен де толықтырылмақ.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив