ШҚО-да бала өлімі азайған
Фото: azattyq-ruhy.kz
Былтыр облыста нәресте өлімі азайған. Бұл туралы облыс әкімдігінің мәжілісінде белгілі болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жиында баяндама жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Фархад Бельбеев былтырғы 12 айда Шығыс Қазақстанда туберкулезден қайтыс болған адамдар 2022 жылмен салыстырғанда, 15,4 пайызға азайғанын, сондай-ақ өңірде нәресте өлімі 12 пайызға төмендегенін хабарлады.
– Облыста туберкулезге шалдыққандардың саны біршама кеміген. Есесіне, қатерлі ісіктен көз жұмғандардың 1,1 пайызға артқан. Бұл әсіресе, Глубокое, Тарбағатай аудандары мен Риддер қаласына қатысты. Сол сияқты қан айналымы жүйесінің ауруларымен және қатерлі ісік ауруымен ауыратын науқастардың саны көбейген. Өңірде үш ана өлімі тіркелген. Оның бірі – Өскемен қаласында болса, қалған екеуі – Күршім ауданында. Салыстырмалы түрде алып қарасақ, 2022 жылы облыста бір ана өлімі тіркелген болатын, – деді басқарма басшысы.
Оқи отырыңыз