KZ
Өскемен
+18°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
443.37 474.49 4.83

ШҚО-да бірқатар әуе рейстерінің уақыты өзгереді

12.02.2024, 18:33 123 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да 1 наурыздан бастап бірқатар әуе рейстері мен теміржол көліктерінің уақыты өзгереді.

Бұл туралы ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Айжан Рахымбаева айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«2000 жылғы 23 қарашадағы №1749 ҚР Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 20 қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 наурыздан елімізде бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі.

- Уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты бірқатар әуе рейстері мен теміржол көліктерінің кестесі аусады. Атап айтқанда, автобус бағыттары өзгеріссіз; «Алтай-Өскемен-1» т/ж бағыты сағат 08:10-ға; «Өскемен - 1-Нұрлы жол» т/ж бағыты сағат 14:20-ға; «Өскемен - 1-Алматы» т/ж бағыты сағат 19:30-ға және әуебағыттар қолданыстағы кестеден 1 сағат бұрын уақытқа ауыстырылады, - деді Айжан Рахымбаева.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив