KZ
Өскемен
-25°
плотный туман Штиль
503.61 524.96 5.58

«Ауладағы кездесу»: ШҚО полицейлері 200-ден астам шара өткізді

Фото: ШҚО ПД

23.02.2024, 21:31 188

ШҚО-да 12 ақпаннан бастап «Ауладағы кездесу» республикалық акциясы өтуде. Оның негізгі мақсаты - құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ халықпен тығыз қарым-қатынас орнату.

Бұл туралы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Тұрғындармен кездесу барысында полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері мен тәсілдері және алаяқтардың айла-амалдарына қалай түспеу керектігі туралы, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, ұсақ бұзақылық фактілері, абаттандыру мәселелері және мал ұстау ережелері туралы түсіндіреді.

- Акция басталғаннан бері қалалық жерлерде 97 және ауылдық жерлерде 124 жиын өтіп, оған облыстың 14 мыңға жуық тұрғыны қатысты, - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мұндай кездесулерде тұрғындар сұрақтарына жауап алып, белгілі бір мәселені жақсарту бойынша өз идеяларын да ұсына алады.

«Ауладағы кездесу» акциясы 30 наурызға дейін жалғасады.

 

                                                                   Айжанат Бақытқызы

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу