KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

ШҚО-да белгілі оркестр ерекше концерт берді

25.02.2024, 10:00 435 Мадина Амангелдіқызы

«Ертіс концерттің» шығармашылық ұжымы «The Greatest Hits» атты ерекше концерттік бағдарлама ұсынды.

Шығыстың Байжігіт атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі мен «Әлем сазы»  вокалды-аспаптық ансамблі белгілі хит әндерін орындады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өнер ұжымдары көпшілікке кеңінен таныс әндерді оркестрмен көркемдеп, көрерменге көңілді кеш сыйлады.

Концерттік бағдарламада Б. Жұмабекова,  Ж. Бисимбаев сынды мәдениет саласының үздіктері, сондай-ақ республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары - Т. Калеакперов, Д. Төлеужанов, Э. Уадинов, А. Ешенова, Р. Тұрсынбеков , А. Қайырбек және «Инкоро» тобы өнер көрсетті.

Байжігіт атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің дирижерлері - Шалқар Рысханов және Ержан Қасымқанов.

- Әлемдік деңгейде танымал хит әндерді орындап, көрермендердің көңілінен шығу мақсатында осы концерттік бағдарлама жасалды. Көрермендеріміз Байжігіт оркестрін тек Құрманғазы, Дәулеткерей, Диналардың күйін немесе халық әндерін орындап қана жүретін ұлттық нақыштағы өнер ұжымы деп танитын болса, енді оркестрдің жан-жақты шеберлігіне көз жеткізіп отыр. Хит әуендерді бір концертке топтастырып, әлемдік деңгейдегі өнерпаздардың әндерін қасиетті қара домбыраның шанағы мен қыл қобыздың ішегінде әуелеткен ерекше концерт болды деген ойдамын, - дейді Байжігіт атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің бас дирижері, мәдениет саласының үздігі Шалқар Рысханов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив