KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Өскеменде «Лу Бань шеберханасы» ашылады



18.09.2023, 18:02 218 0 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменде 24 қазанда «Лу Бань шеберханасы» ашылады.

Бұл – Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ мен Тяньцзинь кәсіби институтының (ҚХР) бірлескен жобасы. Аталған жоба автокөлік саласында заманауи зертханалар құруға бағытталған және ол теория мен практиканы ұштастыратын оқыту платформасы мен құзыреттілік орталығына айналуы керек, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Қазір ШҚТУ-да тиісті ғимарат пен өндірістік база дайындалды, өз кезегінде Қытай тарапы қажетті жабдықты жеткізеді.
Шеберханада электрлі және гибридті автокөліктерді зерттеуді жүзеге асырады. Ондай көліктер үнемді және экологиялық тұрғыдан таза болғандықтан әлемде танымалдығы жылдан-жылға артып келеді. 
Өңір басшысы Ермек Көшербаев атап өткендей, бұл тиімді әрі маңызды бағыт. Сондықтан «Лу Бань шеберханасы» мен қазақстандық автоөндірушілер және дилерлік орталықтар арасында берік серіктестік қарым-қатынас орнатудың маңызы зор.
Жаңадан ашылатын зертханада автокөліктерді зерделеуден басқа цифрлық құралдармен жұмыс істеу, жол қозғалысы процесіне IT-технологияларды енгізу жұмыстары да қарастырылған. Келешекте академиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамытып, қос дипломды білім беру бағдарламаларын, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру көзделген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив