KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

"Облыс халқын шақырды" – Скандинавиялық жүріс күлубының мүшелері

11.07.2019, 04:27 98

Скандинавлиялық жүріс – спорттың жаңа түрі. Өткен ғасырдың 90 жылдары ғана кең таныла бастады. Жүрек-қан тамырларының жұмысын жақсартып, бұлшық ет пен сүйекке оң әсер етеді. Төзімділікті шыңдап, артық салмақтан арылтады. Спорттың осы түріне құмартушылар үшін облыстағы неміс этно-мәдение бірлестігінің жанынан клуб құрылған. Оның құрамында негізінен ересек адамдар.

Жуықта клуб мүшелері бір жылдың қорытынды сынағы ретінде 15 шақырым жол жүріп өтті. Қарғаның миын қайнатар ыстыққа да қараған жоқ.

– Бізді осы спорт түріне клуб жетекшісі Светлана Кирдяшкина баулыды. Бүгін бір жылдың қорытынды «емтиханын» тапсырдық. «Қарағайлы» демалыс базасынан Қасиетті бұлаққа дейінгі аралық – 15 шақырым. Таулы-тасты, күрделі жол. Қанша қиын болса да жүріп өттік. Бұлаққа жетіп шөл бастық, – деді клуб мүшесі Александр Коновалов.

Клуб мүшелері облыстың барлық тұрғынын спортпен айналысуға шақырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу