KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
517.66 606.49 6.44

«Ертіс» корпорациясы қаржылық лизинг қызметін жүзеге асыру үшін рұқсат алмаған

Фото: dzen.ru

29.02.2024, 21:35 308 Айна Ескенқызы

Шығыс Қазақстан облысы бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру мақсатында қаржылық лизинг қызметін жүзеге асырып келгенін анықтады. 
Алайда корпорация аталған қызмет түрін атқаруға монополияға қарсы органнан келісім алмаған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.     

-    Бұзушылықты жою мақсатында департамент «Ертіс» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ атына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды  және олардың ҚР Кәсіпкерлік кодексінде көзделген салдарын жою туралы нұсқама шығарды.  Қазіргі уақытта бұйрық орындалды, - делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу