KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность Штиль
443.44 480.51 4.88

ШҚО-да жоғары дайындық режимі жарияланды

Фото: ШҚО ТЖД

1.02.2024, 17:13 60 ALTAINEWS

ШҚО әкімінің өкіміне сәйкес, 1 ақпаннан бастап өңірде су тасқыны кезеңіне жоғары дайындық режимі енгізілді. Су айдындарына мониторинг жүргізіледі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

 

«Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдармен 54 000 текше метрден астам қар шығарылды. Су тасқыны қаупі төнген кезеңде жедел әрекет ету үшін жеке құрамның 2334 адамы, 223 мотопомпа, 61 жүзу құралы, сондай-ақ 735 бірліктен астам техника топтастырылған. 34285 дана қап, 5974 тонна инертті материалдар және 328 тоннадан астам жанар-жағар май дайындалды», - деп хабарлады ШҚО ТЖД.

 

 

Бұдан басқа, ықтимал төтенше жағдайында құтқарушылар эвакуацияланатын халықты орналастыру үшін жалпы сыйымдылығы 17 000 адамнан асатын 153 уақытша орналастыру пунктін дайындады.

 

 

ШҚО ТЖД тұрғындарға көктемгі кезеңге дайындалуды ұсынады:

 

  • аула аумағын қардан, арықтарды мұздан тазарту;

 

  • мүмкіндігінше қаптар мен инертті материалдардың болуы;

 

  • барлық құнды заттар мен азық-түлік өнімдерін жертөледен және су басуы мүмкін жерлерден алып тастаңыз.

 

 

 

Төтенше жағдайда дереу 101 және 112 арналарына қоңырау шалыңыз.

 

 

                                                                          Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив