KZ
Өскемен
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
529.99 546.63 5.21

ШҚО мен Павлодар облысының депутаттары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

12.03.2024, 18:01 117 Қуаныш Рахметоллаұлы

«Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашев, Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Теренченко Шығыс Қазақстан облысындағы әріптестерімен кездесіп, пікір алмасты. 
Кездесуде ШҚО мәслихатының төрағасы Денис Рыпаков өңірде депутаттардың атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Облыс мәслихаттарында барлығы 174 депутат бар. Олардың бәрі де өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып жатыр, - деп атап өтті Денис Рыпаков.

Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай елімізде халықаралық деңгейде үлкен шара өткізу жоспарда бар көрінеді. Бұл туралы «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашев айтты.

– Биылғы Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай сәуір айында халықаралық конференция өткізу көзделіп отыр. Алқалы жиында қазіргі депутаттарға қойылатын талаптар, оларға жүктелетін міндеттер туралы айтылады. 
Бүгінгі таңда депутат қоғамда жоғары интеллектуалдық, адамгершілік беделге ие болып, қажетті құқықтық, қаржылық, психологиялық, саяси білім мен дағдыларды меңгеруі шарт. Сонымен қатар коммуникативті қабілеттерге де ие болуы керек. Яғни халық ішінде, әртүрлі аудиторияларда, БАҚ-та белгілі бір тақырыпта өз ойын еркін жеткізе білуі керек, - деді Төлеубек Мұқашев. 

Шара барысында Павлодар және ШҚО мәслихаттары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу