KZ
Өскемен
-14°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

Әскерилер қайырымдылық акциясына қатысты – ШҚО

15.03.2024, 22:11 134

Өскемен гарнизоны 27943 әскери бөлімінің қызметкерлері Наурызнама онкүндігі аясында қайырымдық акциясын қолдады.

Наурызнама онкүндігінде 15 наурыз – Қайырымдылық күні ретінде белгіленген. Бұл күн қайырымдылық, мейірімділік пен ізгілік қасиеттерін насихаттауға арналған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Біздің әскери бөлім биыл Ұлыстың ұлы күніне қызу дайындалды. Күні кеше біз Көрісу күнін атап өтсек, бүгін өзіміздің әскери бөлімнің бірнеше отбасысына қайырымдылық акциясы аясында көмек қолын создық, - деді Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің психологы Гүлім Сыдықанова.

Қазақ халқы қашан да өзінің жомарттығымен, мейірімділігімен, қайырымдылығымен ерекшеленген. Сондықтан мұндай бастамалар біздің бойымыздағы ұлттық кодты оятып, тамыры тереңге жайылған дәстүрлерімізді жандандыруға көмектері сөзсіз.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу