Күршім ауданының әкімі су тасқынының алдын алу үшін тапсырма берді
Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышов аудандағы техника мен дайындық жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.
Аудан әкімінің басшылығымен ауылдық округ әкімдері және жауапты мекеме басшыларының қатысуымен N5 жол жөндеу учаскесінің базасында "Көктем -2024" су тасқынының алдын алу жұмыстарына арналған техникалардың жағдайын, дайындықтарын толық қарап шықты.
Сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары Қ. Әзімбаев пен төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы аудандағы көктемгі тасқынға әзірлік жұмыстары жайлы есеп берді. Барлық ауылдық округ әкімдерін жеке-жеке тыңдаған аудан әкімі нақты тапсырмалар берді. Жауапты мамандарға комиссия құрып, барлық қауіпті аймақтарды анықтау, ауылдық округтерде жедел топтар құру, инертті материалдармен қаптар дайындау, жанар-жағар майдың дайындау міндеттері жүктелді.