Ертең ШҚО-да жауын-шашын, көктайғақ

pixabay.com
"Қазгидромет" РМК ШҚО филиалының ақпараты бойынша, 23 наурызда түнде облыстың оңтүстігінде жаңбыр, қар, көктайғақ болуы мүмкін.
Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Осындай метеожағдайларда ШҚО ТЖД халыққа сақтық шараларын ескертеді:
- жолдарда жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтау қажет
- арықтар мен бұлақтардың арналарын тазалау және бітеп тастамау
- үй аумағына (қап, топырақ, құм, саз) төгу үшін қолда бар материалды дайындау
- ТЖ туындаған жағдайда 112-ге қоңырау шалыңыз
Оқи отырыңыз