KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды

Фото: www.gov.kz

6.12.2023, 19:05 140 Анель Слямғазықызы

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша  07 желтоқсанда түнде қар, боран және көктайғақ күтілуде, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Өскемен қ. бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.

« Көктайғақ кезінде  биік өкшелі аяқ киімнен бас тартып, тайғақ емес аяқ киімді алыңыз;
- қауіпті жерлерді, әсіресе көлбеу бетті айналып өтуге тырысыңыз;
- ауыр сөмкелерді алып жүрмеуге тырысыңыз, қолдарыңызды қалтаңызда ұстамаңыз;
Көлік құралдарының жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және қашықтықты қатаң сақтауы қажет, - ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Төтенше жағдай туындаған кезде "112" нөміріне қоңырау шалыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу