KZ
Өскемен
-14°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

Алтай ауданында жағдай тұрақты (видео)

31.03.2024, 12:00 187 Назерке Каримова

Алтай ауданының аумағында су тасқыны жағдайына тәулік бойы бақылау жүргізілуде.

Бүгінгі таңда қар қалыңдығы 82 см, ал таулы жерлерде 105-115 см дейін жетеді. Көшкін қаупінің деңгейі айтарлықтай бар (қызғылт сары), деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі аудан әкімдігі ақпаратына сүйеніп.

– Үш гидропостта Алтай ауданының өзендеріндегі су деңгейіне күнделікті мониторинг жүргізіліп отыр. Өзендердегі су тасқыны маусымындағы су деңгейі: Бұқтырма – 5,30 м, Тұргысын – 4,0 м, Березовка – 2 м. Қауіпті деңгейге жеткен жоқ, – деді аудан әкімі Ренат Құрмамбаев.


Семей қаласының ҚР ТЖМ №68303 әскери бөлімінің 25 әскери қызметшісі аудан аумағында су тасқынына қарсы алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін қауіп бар учаскелерде тәулік бойы кезекшілік етуде.

Қазіргі уақытта аудан аумағындағы барлық каналдарды (10), арықтарды (71), су өткізу құрылыстарын (127) және көпірлерді (24) тазалау аяқталды. Жыл басынан бері Алтай ауданынан барлығы 40,6 мың текше метр қар шығарылды.

– 2024 жылғы 15-19 наурыз аралығында Бұқтырма өзенінің Зубовск кенті, Тұрғысын, Малеевск, Богатырево және Быково ауылдары ауданындағы ықтимал қауіпті 5 учаскеде мұзды қопсыту және ұсақтау бойынша профилактикалық жарылыс жұмыстары жүргізілді, – дейді аудан әкімі. – Жалпы ауданы 113,5 мың шаршы метр мұз ұсақталды.


5 орындық ПВХ Марлин қайығын, диаметрі 80 мм 10 қысымды шланг және 6 сорғыш шланг, 2 мотопомпа, дизельді жылу пушкілері және 5000 дана қапшықты сатып алуға қаржы бөлінді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу