Катонқарағай ұлттық паркі еліміздің жеті кереметіне енді
Фото: Тілеубек Шаяхмет
Жуырда танымал Nur.kz ақпараттық агенттігі «Қазақстанның жеті кереметі: әр адам баруға тиіс еліміздің көрікті жерлері» тақырыбымен түрлі өңірде орналасқан ерекше орындар туралы деректер ұсынды. Аталмыш тізімде Катонқарағай ұлттық табиғи паркі де бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Қазақ даласында сұлу табиғатымен, тылсым құпиясымен көз тартатын көрікті мекен көп. Бірі мөлдір суымен, саф ауасымен жанға жайлылық сыйласа, енді бірінің ғасырлардан сыр шертетін тарихы бар» деп жазған электронды басылым тізімге Алматы облысындағы «Таңбалы тас» археологиялық кешенін, Шарын шатқалы мен Түрген сарқырамаларын, сондай-ақ Түркістандағы Ясауи кесенесі мен Маңғыстаудағы Бекет ата жерасты мешітін, Көкшетаудағы Бурабай көлін де енгізіпті.