Катонқарағай ауданындағы Барлық ауылында тасқын қаупі сейілді
ШҚО Катонқарағай ауданының Барлық ауылында су тасқынының алдын алу бойынша іс-шаралар атқарылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Кеше, яғни 4 сәуірде Барлық ауылының іргесіндегі Бұқтырма өзенінде мұз еріп, жылжуына байланысты Төтенше жағдайлар қызметінің мамандарымен бірлесе отырып, жедел түрде тасқынның алдын алу жұмыстары атқарылды, – деп жазды Катонқарағай ауданының әкімі Ділдар Қалиқан өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Қолға алынған шаралардың арқасында мұз ауылдан асып, Бұқтырма өзенінің арнасы ашылған.
– Қазір қауіп сейілді, жағдай тұрақты бақылауымызда, – дейді аудан басшысы.
Фото: Катонқарағай ауданының әкімдігі
Оқи отырыңыз