KZ
Өскемен
-39°
туман жел 1 м/с, З
512.16 594.72 6.57

Өскемен тұрғындарынан шұңқырларды жөндеуге 200-ден астам өтініш түскен

автордікі

7.04.2024, 13:00 300 Назерке Каримова

Өскемен қаласында «100 күнде 10 000 шұңқыр» жол шұңқырларын жөндеу бағдарламасы жалғасуда, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі.

- Қазіргі таңда жол шұңқырларын жөндеуге 204 өтінім түсіп 117 өтінім бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 72 өтінім (414 шұңқыр) бойынша жұмыстар аяталды, - деп мәлімдеді Өскемен қалалық әкімдігінде.


Естеріңізге сала кетейік, Telegram-бот (oskemen_bot) арқылы қаланың кез келген тұрғыны жолдағы шұңқыр туралы хабарлай алады.

Өтінім беру үшін: аты-жөніңіз, кері байланыс телефонын дұрыс көрсету, учаскенің орналасқан жерін бөлісу, фотосуретті тіркеу (дүкенге, аялдамаға немесе тұрғын үйге, әкімшілік ғимаратқа байланыстыру) қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу