KZ
Өскемен
-14°
ясно жел 1 м/с, С
529.7 545.96 5.17

Риддердегі су тасқыны жағдайы бақылауда (видео)

13.04.2024, 12:30 215 Назерке Каримова

Қазгидрометтің ақпаратына сүйенсек, Риддердің биік таулы өңірлеріндегі қар жамылғысы 3 метр, биіктігі орташа тауларда  – 75 см, топырақтың қатуы - 36 см. Риддер қаласының ішіндегі қар түгелдей еріп кетті, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Жергілікті әкімдік пен құзырлы қызметтер өңірдегі су тасқыны жағдайын тәулік бойы бақылап отыр.

Риддер қаласының әкімі Дәулет Батырбаевтың айтуынша, арықтар мен су өткізгіш арналар тазартылды. Қауіп төндіріп тұрған орындарда су өткізу үшін қосымша құбырлар қойылған.

- Бүгін Ботаника, Гавань тұрғын ауданында, Лениногорская, Энгельс көшелерінде (жол бойында су өткізу құбыры салынған), Ульбастрой, ДОССАФ аудандарында, Бытрушинская, Базовая көшелерінде, Үлбі кенті, Бутаков ауылындағы арықтар тазартылды, - деп атап өтті әкім.


Ботаника ауылында еріген судың өтуіне кедергі келтіріп арықтарда өсіп кеткен ағаштарды кесуге тура келген. Ал су тасқыны кезеңі аяқталған соң көшелердің бойында көшеттер отырғызылады.

Бүгінгі таңда қалада 9 мотопомпа бар, қажет болған жағдайда қолданылады.

Сонымен қатар, халықты дереу көшіру қажет болған жағдайда үш оқу орнында эвакуация орындары дайындалған. Оған 180 адамды орналастыруға болады және тағы 150 орынға үш қонақ үймен келісімшарттар жасалды.

Риддер қалалық ТЖБ басшысының орынбасары Сергей Бородиннің айтуынша, құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен бірге өзендердегі су деңгейіне тәулік бойы мониторинг жүргізіп, кез келген жағдайға әзір отыр.

- Қазір қалада су қасу қаупі төніп тұрғанжоқ, - деп атап өтті Сергей Бородин.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу