ШҚО-дағы су өткізу құбырларының жартысынан көбі тазартылды
instagram/transportvko
Өңірде 634 су өткізу құбыры болса, оның 65%-ы тазартылды.
Бүгінгі таңда облыста су тасқыны қаупі жоғары, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Күн жылып, қар қарқынды еріп жатыр. Облыстағы коммуналдық қызметтер қарғын су басу қаупінің алдын алу мақсатында белсенді жұмыс жүргізуде.
Өткен жылдың жазы мен күзінде су тасқынына қарсы іс-шаралар уақтылы жүргізілген: жаңа су өткізгіш құбырларды орнату және пайдаланылып жатқан су өткізгіш құбырларды жөндеу; су өткізгіш құбырлардың кіретін және шығатын арналарын бұталар мен өскіндерден тазарту; су бағыттаушы бөгеттерді орнату.
Облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдардағы жағдай тұрақты бақылауда.
Жауапты мемлекеттік және коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Су тасқыны қаупі бар жол учаскелері тәулік бойы күзетіледі.