ШҚО-да әскери-патриоттық жарыс өтіп жатыр (видео)
Облыс орталығында «SHYGYS AIBYN-2024» әскери-патриоттық жарысы басталды.
Оқушылар арасында ұйымдастырылған сайыс Кеңес одағының батыры, Халық қаһарманы, генерал Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО қоғамдық даму басқармасының жастар ресурстық орталығы, білім басқармасы, қорғаныс істері жөніндегі департаменті және «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-партиоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен сайысқа әр ауданнан он команда қатысуда. Жарыс жолына шыққан жас сарбаздар бірнеше бағыт бойынша өзара сынға түспек.
Айта кетелік, «SHYGYS AIBYN-2024» әскери-патриоттық ойынында үздік нәтиже көрсеткен команда маусым айында Алматыда өтетін халықаралық «AIBYN» жарысында облыс намысын қорғамақ.
Фото: Валерий Шведов
Видео: Жәнібек Серік














