KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 2 м/с, В
441.66 475.14 4.86

ШҚО-да тұқым сапасы тексеріліп жатыр

Фото: avantesusa.com

22.04.2024, 16:07 52 Ержан Әбіш

ШҚО шаруашылықтары көктемгі дала жұмыстарына қажет тұқыммен толық қамтылып отыр. Бүгінгі күні олардың иелігінде 71,8 мың тонна тұқым бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Барлық тұқым материалы егіс жұмыстары басталғанға дейін сапалық көрсеткіштерге тексерілуде. «Қазагрэкс» деректері бойынша тексеруге 59,4 мың тонна дәнді дақыл тұқымы немесе қажеттіліктің 83%-ы түсті. Барлығы 57,1 мың тонна тұқым тексерілді. Оның 56,9 мың тоннасы немесе 99,6%-ы кондициялы тұқым болып шықты.

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысының 2028 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімін екі есе арттыру туралы тапсырмасын орындау бойынша Жол картасы аясында биыл ШҚО-ның егістік алқаптары 6,7 мың гектарға ұлғайып, 645,1 мың гектарға жетуге тиіс.

Жол картасына сәйкес облыс аумағында осы жылы дәнді дақылдар алқаптарын 4,2 мың гектарға қысқартып, майлы дақылдар егістігін 6,8 мың гектарға, жемдік дақылдарды 3,2 мың гектарға арттыру көзделіп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив