KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

«Ертіс» паромын «Одесса» алмастырады

24.04.2024, 17:04 145 Оразай Жеңісұлы

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қызыл ту өткеліндегі «Ертіс» паромы қозғалтқышы істен шығып, тоқтап қалды. Қазіргі уақытта жағалаудан жағалауға бір паром ғана қатынап тұр.

Алайда көп ұзамай «Одесса» паромы айдынға шығады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Дәл қазір аталмыш кеме техникалық тұрғыда жарамды. Мамандар навигациялық кезеңге қажетті барлық жұмысты жүргізді. Жұмыскерлер штаты да жасақталған.

25 сәуірде мамандар су бетін тексеріп көреді. «Одесса» Алтай ауданында тұрғанын жаздық. Айлаққа барар жолдағы Алтайка ауылында «Винтовочный остров» деп аталып кеткен арал бар. Бұл аралдың мұзы күн әбден жылығанда ғана жіпситін көрінеді. Мұз ери бастаса, паром Қызыл туға қарай бірден жол тартады. Өткелге дейін, шамамен, 12-14 сағат жүреді.

«Одесса паромы» 27-28 сәуір күндері жұмыс бастайды деп күтіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив