"Одесса" паромы демалысқа кетті - Күршім
"Одесса" паромы бүгіннен бастап ауа-райына байланысты тасымалдау жұмысын тоқтататын болды. Бұл туралы Күршім ауданының әкімдігі хабарлады.
- Құрметті Күршім ауданының тұрғындары мен қонақтары! 26.11.2020 жылдан бастап «Одесса» паромы ауа-райына байланысты навигациялық кезеңін аяқтағанын хабарлаймыз, - дейді әкімдік.
Айта кетейік, биыл Күршім өткелінде Катонқарағай ауданына қарай өткізетін «Одесса» паромы жолаушыларды әрлі-берлі армансыз тасымалдады.
Оқи отырыңыз