KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Өрт сөндірушілер жылу беру нысанында оқу-жаттығу өткізді – Глубокое

Фото: gov.kz

9.08.2023, 16:02 177

Өрт сөндірушілер Глубокое ауданының "Жылу энергиясы" мекемесінде оқу-жаттығу өткізді.

Алдын ала құрылған жоспар бойынша ғимараттардың бірінде транспортер лентасы өртеніп, мамандар өртті сөндіруге жұмылдырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Нысан диспетчері болған оқиға туралы дереу "101" нөмірі арқылы хабарлаған. Сонымен қатар оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ғимаратта барлау жүргізді.

Жаттығуға 30 өрт сөндіруші мен 5 техника жұмылдырылды.

  "Мұндай оқу-жаттығулар өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерінің басшылық құрамының тактикалық шеберлігін арттыруға ықпал етеді, – деп жазылған ШҚО ТЖД хабарламасында. – Жаттығу барысында шартты өрт нақты жағдайларға барынша жақын болуы үшін міндеттерді күрделендіре түстік. Өрт сөндіру жұмысына басшылық еткен адам мен өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғалардан жедел шешім іздеп, қолда бар күш пен құралдарды дұрыс игеру талап етілді".
 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив