KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 3 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

ТЖД мамандары қонақүйде оқу-жаттығу өткізді —ШҚО

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

24.10.2023, 09:00 150

ШҚО ТЖД мамандары адам көп жиналатын орындарда оқу-жаттығу өткізді.
Олар өртті сөндіруге дайын болу дәрежесін анықтап, персоналдың адамдарды ғимараттан эвакуациялауды нақты білуін тексереді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сонымен қатар мамандар, автоматтандырылған дабыл жүйесінің жарамды күйде екенін бақылап көреді.
Осындай жаттығудың бірі облыс орталығындағы қонақүйде өтті.
Жоспар бойынша, қысқа тұйықталудың салдарынан 2-қабатта орналасқан саунада өрт шыққан. Дабыл іске қосылып, өрт туралы хабар берілді. Өрт сөндірушілер өртті сөндіріп, ғимаратта қалған адамдарды іздеді.
— Өрт сөндірушілердің міндеті — түтін басқан жерден зардап шеккендерді құтқарып, ғимаратта өрт сөндіру дайындығын пысықтау. Осындай ғимаратта өрт шыққан жағдайда оны сөндіруге өрт сөндіру-құтқару қызметкерлерінің басым бөлігін жұмылдыруға тура келеді. Жаттығуға қатысушылар нақты жағдайға барынша жақын жағдайларда жұмыс істеді. Бұл объектінің ерекшеліктерін анықтауға және осындай өрттің салдарын жоятын тактиканы пысықтауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметі мен АҚЖҚ бастығы Айдос Нүсіпбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив