KZ
Өскемен
-20°
туман жел 1 м/с, СШ
506.7 593.14 6.53

Aманжолов университеті қытайлық ірі компаниямен шарт жасасты

Фото: С. Аманжолов атындағы ШҚУ

25.04.2024, 11:22 713 Айжанат Бақытқызы

Haier Haitech компаниясымен ынтымақтастық туралы шарт жасау мақсатында ҚХР-ға арнайы барған ШҚУ делегациясы еліміздегі гидроқұрылыстардың қирау қаупінің алдын алуға ерекше назар аударып, бөгеттерді қорғау үшін заманауи технологияларды енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бұл – әлемдегі төртінші ірі тұрмыстық техника өндірушісі.

Компания «Сапа көшбасшысы» атағына ие. 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында тұрмыстық техниканың ресми демеушісі болған ірі ұйым.

Соңғы он жыл ішінде Haier Haitech білім беру, денсаулық сақтау, тау-кен өнеркәсібі үшін жасанды интеллект негізінде жабдықтар өндірумен айналысып келеді. Сондай-ақ «Smart City», «Smart Home», «Қауіпсіз қала», «Дөңгелекті үй» жобаларын іске асырады.

– Жаңа серіктесімізбен бірлесіп, білім беру процесінде IT-құралдарды кең ауқымда пайдалануды, тау-кен өндіру өнеркәсібі үшін білікті мамандар даярлауды жоспарладық. Соңғы оқиғаларға байланысты гидроқұрылыстардағы қирау қаупінің алдын алуға ерекше назар аударып отырмыз. Еліміздегі бөгеттерді қосымша қорғау үшін заманауи технологияларды енгізуді жоспарлап отырмыз, – дейді ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген.

Сонымен қатар тараптар университет базасында «Smart library» және «AI Smart classroom» жобаларын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойды. Тиісті жұмыстар осы жылдың шілдесінде басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу