KZ
Өскемен
-10°
небольшой снег жел 7 м/с, Ю
520.91 544.25 5.29

"Қанша ақша қажет?" Егер «Smart home» жобасы іске асырылса

9.09.2019, 11:54 161

Облыс әкімі Даниал Ахметов ерекше жоба аясында көпбалалы отбасыларға үй салып беруді ұсынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бүгін аймақ басшысы Өскемен жоғары политехникалық колледжін аралап, арнайы жабдықталған зертханаларды көріп қайтты.

Биылдан бастап «жоғары» деген статусқа ие болған аталмыш колледждегі білім сапасын арттыру мақсатында бюджеттен 171 млн теңге бөлінген екен. Оның – 43 млн-ы жөндеу жұмыстарына кетсе, 128 млн-ы зертханалық кабинеттерді жабдықтауға жұмсалыпты. Атап айтсақ, колледждегі асхана биылғы жылы толықтай жөндеуден өткен. Сондай-ақ, «Электр стансалары мен қосалқы стансалардың жабдықтары», «IT орталығы», «Метрология», «Электротехниканың теориялық негізі» және т.б зертханалар таныстырылып, сол бағытта жетістікке жеткен студенттер өз жобаларын қорғады. Cолардың ішінде «Smart home» жобасына облыс әкімі ерекше назар аударды.

– Біз теориялық біліммен ғана шектелмеуіміз тиіс. Өйткені бізде жобалар онсыз да көп. Бірақ оны жүзеге асырмаймыз. Мәселен мына «Smart home»-ға қанша ақша қажет. Біз қажетті қаражатты бөлейік. Ал сендер дәл осы жобаға жан бітіріңдер. Көпбалалы отбасыларға осындай ақылды үй салып көрейік, дайынсыңдар ма, – деді облыс әкімі.

Ал жобаны дайындаған қос студент шетелде әлдеқашан пайда болған үйлерді біздің елде жасауға дайын. Жобамыздың ерекшелігі оның керемет сапасы мен арзан бағасында дейді.

Теория мен практиканы ұштастыруды тапсырған облыс әкімі колледж директорына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу