KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 2 м/с, В
522.63 548.66 5.07

Шығыс Қазақстан халқының 42 пайызы спортпен айналысады

Фото: amazonaws.com

26.04.2024, 11:19 110 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстанда салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар қатары жылдан-жылға артып келеді. Бүгінде облыс халқының 42 пайызы спортпен және денешынықтырумен шұғылданады. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен (39,3%) жоғары, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можановтың айтуынша, өңірімізде спортпен айналысатын 6-13 жас аралығындағы балалардың саны 107,3 мың болса, оның 31,9 мыңы ауылды жерде тұрып жатыр. Сол сияқты 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер 28,2 мыңға жеткен, оның ішінде 6,1 мыңы ауылды жердің тұрғыны.

– Сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар 38,7 мың адамның 5,2 мыңы спортпен жүйелі түрде айналысады. Еліміздің ұлттық құрамасына облыстың 42 мүмкіндігі шектеулі спортшысы мүше, – деп атап өтті басқарма басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу