KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 2 м/с, Ю
439.43 473.31 4.82

ШҚО-да 20 мың ағаш отырғызылады

ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен
ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен
27.04.2024, 14:00 239 Назерке Каримова

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында шығысқазақстандықтар белсенділік танытып, 20 мың көшет отырғызуда, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйенсек, қазір облыста көгалдандыру жұмысы қарқын жүріп жатыр. Жалпы, биылдың өзінде 123 мыңға жуық ағаш көшетін отырғызу жоспарланған.

Бүгін Өскемен қаласында «Қазақстан» тауының етегінде акция аясында сенбілік өтіп, ағаш көшеттері отырғызылды. Шараға қала қонақтары, еріктілер және мемлекеттік орган өкілдері мен жеке кәсіпорын ұжымдары да қатысты.

– Отанға, еліне деген махаббат тазалықтан және еңбекқорлықтан басталуы қажет. Сондықтан бүгінгі бірегей шара жастар арасында дәстүрге айналып қана қоймай, өскелең ұрпаққа жақсы үлгі болады деген сенімдемін, – деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.


Шығысқазақстандықтар «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуда. Акцияның бірінші апталығы «Таза Өлке» аясында 21,4 мың аула тазаланып, 6 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.

«Киелі мекен» апталығында 161 қоғамдық орын, сквер және 136 ескерткіш тазаланды. Ал «Өнегелі ұрпақ» аптасында облыстағы ардагерлер мен қарттардың ауласы тазаланып, сенбіліктер өтеді. Қорытынды «Мөлдір бұлақ» апталығында арықтар мен бұлақ көздері тазалаудан өтпек.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив