Самарлықтар 300 түп көшет отырғызды
Самар ауданы әкімдігінен
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының үшінші аптасы -«Жасыл аймақ».
Апталық барысында Самар ауданында ауылдарды қоқыстардан тазарту, ағаш көшеттерін отырғызу, әктеу және бұтау секілді шаралар белсенді атқарылуда, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
«Жасыл аймақ» экологиялық апталығы аясында Самар ауылдық округінде ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындары қатысты. Апталық барысында 300 түп ағаш көшеттері егілді.
- Баршаңызды қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестеріңізді қосып, көпшілік орталарда белгіленбеген жерге қоқыс тастамауға, тұрғын үйлеріңіздің аумағын тұрақты түрде абаттандырып отыруға және тазалықты насихаттауға шақырамыз, - деп хабарлады аудан әкімдігіндегілер.
Оқи отырыңыз