KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 5 м/с, В
515.03 584.82 6.24

«Таза Қазақстан» акциясының келесі апталығы - «Өнегелі ұрпақ»

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен

28.04.2024, 15:00 671 Назерке Каримова

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының үшінші аптасы аяқталды, оған ел бойынша акциясына 1 000 000-нан астам адам қатысты., деп хабарлайды  Altaynews.kz тілшісі.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі ақпараты бойынша, «Жасыл аймақ» апталығы аясында бүкіл ел бойынша 330 мыңнан астам көшет отырғызылып, 500-ден астам саябақ мен алаң абаттандырылды.

29 сәуір мен 4 мамыр аралығында қарттар үйі, ардагерлер, жұмыс барысында қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы тұратын үйлер аумағын абаттандыруға бағытталған «Өнегелі ұрпақ» тақырыптық апталығы жоспарлануда. 

Іс-шаралар Жамбыл облысында – 29 сәуірге, Алматыда – 30 сәуірге, Ақтөбе облысында – 1 мамырға, Шымкентте – 2 мамырға, Қостанай облысында – 3 мамырға, Түркістан облысында және басқа өңірлерде – 4 мамырға жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу