KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 1 м/с, З
439.4 473.54 4.76

ШҚО-да бүгін күн жауын-шашынсыз

pexels.com

28.04.2024, 14:00 65 Назерке Каримова

«Қазгидромет» 28 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

ШҚО-да антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК  баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте атап өткендей, атмосфералық фронталды бөлімдермен ҚР солтүстік және оңтүстік өңірлерінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, найзағаймен жаңбыр жауады, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, оңтүстік-шығыста кей уақыттарда қатты жауын-шашын жауады.

- Еліміздің батысына, шығысына, орталығына антициклон әсер етеді, онымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ, оңтүстігінде дауыл, шаңды дауыл, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Жамбыл облысының түнде шығысында, таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі, - деді Алина Исмагулова.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив