ШҚО-да өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін
ШҚО ТЖД
«Қазгидрометтің» болжамынша, 9-11 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында таулы және тау етегіндегі аймақтарда температура көтеріледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Осыған байланысты беткейлік ағындардың қалыптасуы, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі, қауіпті деңгейден асуы, сондай-ақ кішігірім өзендер мен бұлақтардың, уақытша арналардың сулылығы кобеюі мүмкін.
Синоптиктер бұл ретте автожолдар мен темір жолдарды, тұрғын елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды су басуы және су жайылуы мүмкін екенін ескертеді.
Оқи отырыңыз