Өскемен көшелерінің бірінде күзетшілер ер адамды ұрып-соққан
Өскемен қаласндағы Үлбі полиция бөлімшесіне облыс орталығының 47 жастағы тұрғыны жүгініп, түнгі уақытта қаладағы кафелердің бірінде ЖШС күзетшілері оған дене жарақатын келтіргенін хабарлады.
Тәртіп сақшылары өтінішті алғаннан кейін дереу күдіктіні іздеустіру жұмыстарына кіріскен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күзетші-жүргізуші болып жұмыс істейтін 19 жастағы екі күдіктіні анықтапқолға түсінді. Жауап алу кезінде ұсталғандар өз кінәларын мойындаған, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 252-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілерге бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы күтілуде.
Оқи отырыңыз